Accessibility links

Мәскеуде шерушілерді соттай бастады


Мәскеуде полиция митингіге шыққандарды тұтқындап әкетіп барады. Мәскеу, Триумф алаңы, 31 наурыз 2012 жыл.

Мәскеуде полиция митингіге шыққандарды тұтқындап әкетіп барады. Мәскеу, Триумф алаңы, 31 наурыз 2012 жыл.

Мәскеуде дүйсенбіде сот оппозицияшыл Михаил Лукашевті 31 наурызда Триумф алаңында рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін жеті күнге абақтыға жапты.

Сот Лукашевті "полицейге бағынбады" деп айыптаған. Тіркелмеген "Другая Россия" партиясының хабарлауынша, қамауда сол митингіге қатысқан, сотталатын тағы бес адам отыр.

Сенбіде полиция Мәскеуде Триумф алаңындағы митингіні күшпен таратып, 60 адамды тұтқындаған. Оппозиция митингіге конституцияның ар-ождан бостандығы туралы 31-бабын қорғау үшін шыққан болатын.
XS
SM
MD
LG