Accessibility links

Юлия Тимошенко ауруханада емделетін болды


Украинаның бас прокуроры Виктор Пшонка экс премьер Юлия Тимошенконы жазасын өтеп жатқан колониядан тыс ауруханада емдеуге бұйрық берді.

Бұдан бұрын Тимошенконы қараған украиналық дәрігерлер оны ауруханада емдеу қажет екенін мойындаған болатын.

Юлия Тимошенко 2011 жылы қазанда 2009 жылы "Ресеймен газ келісіміне қол қойғанда қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен 7 жылға сотталған. Оның жақтастары мен халықаралық қауымдастық "Тимошенконы саяси себеппен қудалап жатыр" деп санайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG