Accessibility links

"Плагиат" деп айыпталған Венгрия президенті қызметтен кетті


Венгрия президенті Пал Шмитт парламентте сөйлеп тұр. Будапешт, 2 сәуір 2012 жыл.

Венгрия президенті Пал Шмитт парламентте сөйлеп тұр. Будапешт, 2 сәуір 2012 жыл.

Венгрия президенті Пал Шмитт докторлық диссертациясы туралы даудан кейін өз еркімен қызметтен кетті. Ол "плагиат" атанған еді.

Бұл туралы дүйсенбі күні белгілі болды. Шмитт конституция бойынша өзінің ұлт символы болып табылатындығын, бірақ дау елді екіге жарғанын айтқан. Сондықтан өзінің қызметтен кетуін Шмит міндеті санайтындығы айтылған мәлімдемеде.

Таяуда Будапештегі жоғары оқу орындарының бірі Шмиттің 1992 жылы қорғаған докторлық диссертациясының едәуір бөлігі шетел мамандарының кітаптарынан алынғандығын жариялаған еді.

Пал Шмитт 2010 жылы Венгрия президенті болып сайланды. Конституция бойынша Венгрияда президент өкілеттігі шектеулі.
XS
SM
MD
LG