Accessibility links

Қырғызстан АҚШ-тан пилотсыз ұшақ сұрады


Қырғызстанның қорғаныс министрлігінің хатшысы Бұсұрманқұл Табалдиев дүйсенбіде, АҚШ әскери делегациясымен кездесуде, Вашингтоннан пилотсыз басқарылатын ұшақ беруді сұрады.

Табалдиев ұшақтарды АҚШ-тың құрлықтағы әскерінің бас қолбасшысы Джеймс Мэттистен 2014 жылдың соңына қарай Ауғанстаннан НАТО күштерін шығарған кезде Қырғызстанға тапсырып кетуін өтінді. Мэттис "Вашингтон Бішкектің өтінішін қарастыратынын" айтты.

Кездесуде Манас әуе базасын 2014 жылдан кейін де НАТО күштеріне жүк тасуға пайдалануға беру жайы да талқыланды.

НАТО-ның Манас әуе базасын пайдалану мерзімі 2014 жылдың соңында аяқталады. Табалдиев АҚШ делегациясына "Бішкек 2014 жылдан кейін де Қырғызстанның мүддесін, қауіпсіздігі мен қоғамдық пікірді есепке ала отырып, ынтымақтаса беруге дайын" деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG