Accessibility links

Колумбияда көтерілісшілер кепілдегі 10 адамды босатты


Колумбияның әсіре солшыл көтерілісшілері бұдан он жыл бұрын кепілге алған он полицей мен әскери қызметкерлерді босатты. Босатылған он адамды Бразилия тікұшағы Вильявисенсио қаласына жеткізді.

Кепілге алған "Колумбияның революциялық қарулы күштері" тобы осы жылдың басында рақымшылық белгісі ретінде төрт әскери мен алты полицейді босататынын хабарлаған болатын.

Кепілдегілерді босатуға Колумбия үкіметі мен халықаралық қызыл крест комитеті бақылау жасап отырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG