Accessibility links

Жаңаөзен соты қайта жалғасты


Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот отырысы сейсенбіде қайта жалғасты.

27 наурызда басталған сот отырысы осымен бесінші күнге созылып отыр. Осы уақытқа дейін сотқа тартылған 100-ден астам жәбірленушінің 50-ден астамы жауап берді.

Бірқатар жәбірленуші айыпталушылардан материалдық өтемақы өндіріп алудан бас тартты. Кейбіреулері мұнайшыларға талап-арыздары жоқ екенін айтқан.

Сотқа 37 айыпталушы, 45 куә, 6 мемлекеттік айыптаушы мен 12 қорғаушы қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG