Accessibility links

Белсенділер: Парламентте Жаңаөзен бойынша тыңдау өтсін


Қазақстандағы бірқатар қоғамдық институттар мен ұйымдар парламент депутаттарына Жаңаөзенде 2011 жылы 16 желтоқсанда болған оқиға бойынша парламентте тыңдау өткізуді талап етіп, үндеу жариялады.

Адам құқықтарын қорғайтын түрлі ұйымдардың жетекшілері қол қойған үндеуде белсенділер "билік әлеуметтік проблеманы дер кезінде шешпегендіктен ол халықаралық деңгейдегі саяси мәселеге айналды" дейді.

"Жаңаөзен оқиғасы демократиялық елдер мен Еуропарламентте талқыланып жатқан кезде мұндай өткір әлеуметтік мәселелерге әлі де назар аудармай отырған Қазақстан парламентінің ұстанымы белгісіз" делінген үндеуде.

"Жаңаөзен оқиғасының басқа жерлерде қайталануына жол бермес үшін депутаттардан парламентте Маңғыстау оқиғаларына байланысты тыңдау өткізуді әрі оған қазақстандық және халықаралық қоғамдастық өкілдерін қатыстыруды талап етеміз" дейді белсенділер.

Үндеуге "Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының" төрайымы Зәуреш Батталова, "Журналистер қатерде" қорының президенті Рамазан Есіргепов, құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов, "Аман-саулық" қорының төрағасы Бақыт Түменова және өзге 20 ұйымның жетекшілері қол қойған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG