Accessibility links

Ташкент-Алматы газ құбырында жарылыс болды


Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында Ташкент-Алматы жерасты газ құбыры жарылып, өрт шықты деп хабарлайды төтенше жағдайлар агенттігіне сілтеме жасаған «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

Диаметрі 1000 миллиметрлік құбыр сәрсенбі таңертең жарылған. Одан шыққан өрттің жалыны 150 метрге жеткен.

«Қазір төтенше жағдайлар агенттігінің қызметкерлері газ құбырын қалпына келтіріп жатыр» дейді агенттік.
XS
SM
MD
LG