Accessibility links

Түркия бұрынғы президентін соттамақ


Түркияда 1980 жылы 12 қыркүйекте мемлекеттік төңкеріс жасап, үш жыл әскери билік құрған 94 жастағы генерал Кенан Эвренге қарсы сот бүгін басталады.

Кенан Эврен әскери билік құрған үш жылда 50 адам қудаланып, жарты миллион адам тұтқындалған. Жүздеген адам қуғында қайтыс болып, мыңдаған адам із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Анкара соты 30 жылдан астам уақыттан соң бұрынғы президентке қарсы сот тыңдауын бастамақ.

Эвренмен бірге сотқа әскери төңкеріске қатысқан бұрынғы әуе күштерінің бас қолбасшысы, 87 жастағы Тахсин Сахинкай да тартылмақ.

Кенан Эвренге қандай жаза кесілетіні әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG