Accessibility links

Медведев саяси партиялар туралы заңға қол қойды


Дмитрий Медведев саяси қозғалыс жетекшілерімен болған кездесуде. Мәскеу, 3 сәуір 2012 жыл.
Дмитрий Медведев саяси қозғалыс жетекшілерімен болған кездесуде. Мәскеу, 3 сәуір 2012 жыл.
Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дмитрий Медведев саяси партияларды тіркеу мен олардың қызметін жеңілдететін федералдық заңға қол қойған. Ол бойынша енді саяси партияны тіркеу үшін оны бұрынғыдай 40 мың адам емес, 500 адам қолдаса жеткілікті.

Бірақ кейбір оппозициялық топтар "заң сырт көз үшін ғана қабылданды" деп санайды.

Заңға қол қою салтанатына қатысудан бас тартқан "Парнас" қозғалысы "Бұл заң саяси реформалар жасауға бағытталмаған, себебі атқарушы биліктің қолында азаматтардың саяси партияларға бірігу құқықтарын шектейтін барлық құрал бар" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG