Accessibility links

Үндістан Ресейдің сүңгуір қайығын жалға алды


Ресейдің Мурманск облысында тұрған "Екатеринбург" атом сүңгуір қайығы. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Мурманск облысында тұрған "Екатеринбург" атом сүңгуір қайығы. (Көрнекі сурет).

Сәрсенбіде жасалған келісім бойынша, Ресейдің "Акула ІІ" класына жататын атом сүңгуір қайығы Үндістанның әскери теңіз күштеріне 10 жылға жалға берілді. Енді кеме Үнді мұхиты жағалауында орналасқан Вишакхапатнам қаласының Бенгал портында күзетке тұрмақ.

Сүңгуір Ресейдің Қиыр Шығыс аймағындағы Владивосток портынан қаңтарда Үндістанға табыс етілген болатын. Сүңгуір үш ай бойы су астында жүре алады, әрі оны атом қаруымен жабдықтауға болады.

Бірақ Үндістан ядролық қаруды таратпау туралы келісімді сақтап, кемені тек қанатты зымырандармен ғана жабдықтайтынын айтады.

Үндістан 1991 жылға дейін Совет Одағының сүңгуір қайықтарын пайдаланып келген. Дели қазір өзінің жеке сүңгуір кемесін дамыту жұмыстарын аяқтап қалды. Енді ол ел атом сүңгуір қайығын пайдаланатын Ұлыбритания, Франция, АҚШ және Ресейдің қатарына қосылмақ
XS
SM
MD
LG