Accessibility links

Өзбекстан Тәжікстанның айыптауын жоққа шығарды


Өзбекстан "Ташкент Тәжікстанға қысым көрсету үшін экономикалық блокада қойды" деген айыптауды теріске шығарды.

Мәскеудегі тәжік елшілігі сәрсенбіде "Ташкент Душанбені өзбек билігіне ыңғайлы шешім қабылдауға мәжбүрлеуге тырысып жатыр" деп мәлімдеген болатын. Дипломаттардың айтуынша, Ташкент Тәжікстанға қажетті газ бен электр қуатын жеткізуді тоқтатып, екі ел арасындағы көлік және теміржол қатынастарына шектеу қойған.

Душанбе "Мұндай саясат онсыз да электр қуатына мұқтаж Тәжікстанды гуманитарлық апатқа ұрындырады" деп ескертті.

Бұған жауап берген мәлімдемесінде Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияев Ташкенттің электр қуатын жеткізуді тоқтатып, транспорт қатынасына шектеу қойғанын растаған. Бірақ мұның экономикалық емес, техникалық себеп екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG