Accessibility links

АҚШ 11 қыркүйек оқиғасы бойынша 5 адамға айып тақты


АҚШ үкіметі "2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте болған терактілерді ұйымдастырды" деген күдікпен "әл-Қаида" ұйымының бес мүшесіне айып тақты.

Айыпталушылардың арасында "шабуылды ұйымдастырған" пәкістандық Халид Шейх Мұхаммед және оны "орындаған" йемендік Валид бин Аташ пен Рамзи Биналшибх, пәкістандық Әбд әл-Әзиз Әли және Сауд Арабиясынан шыққан Мұстафа Ахмад әл-Хавсави бар. Бұлардың барлығы Кубадағы Гуантанамо түрмесінде жатыр. Сот та сол түрмеде болмақ.

Пентагонның хабарлауынша, оларға "теракті ұйымдастырды, ұшақты айдап әкетті, қастандық жасады, қасақана кісі өлтірді" және "мүлікке зардап келтірді" деген бірнеше айып тағылған. Кінәлары дәлелденген жағдайда оларға өлім жазасы кесілуі мүмкін. Бес айыпталушы да сотқа мамыр айында жауап беруі тиіс.

2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында жанкештілер теракті жасап, 3 мыңнан астам адам құрбан болған еді.
XS
SM
MD
LG