Accessibility links

Эмомали Рахмон Ага Ханмен кездесті


Мұсылмандардың исмаилит-низарит қауымының жетекшісі Карим Ага Хан.

Мұсылмандардың исмаилит-низарит қауымының жетекшісі Карим Ага Хан.

Мұсылмандардың исмаилит-низарит қауымының имамы, төртінші ханзада Карим Ага Хан Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Кездесуден кейін Ага Хан "Тәжікстанның дін туралы заңына сәйкес исмаилиттер орталығы ресми түрде тіркелді" деп мәлімдеді.

Келіссөздер Тәжікстанға Өзбекстанның экономикалық қысымы күшейіп тұрған кезде өтті. Ага Ханның айтуынша, кездесуде биылғы қыстың Тәжікстанға ауыр тигені, одан келген зардап туралы сөз болған.

Исмаилиттердің рухани жетекшісі және өз атындағы даму қорын басқаратын Ага Хан Тәжікстанның су және энергетика ресурстарына, коммуникация саласы мен жол құрылыстарына инвестиция салу ниетін білдірді.

Бұған дейін "Ага Хан" қоры Душанбедегі бес жұлдызды қонақ үй мен бес көпірдің құрылысына қаржы бөліп, білім беру мен ауыл шаруашылы саласындағы бағдарламаларға қолдау көрсеткен.

Тәжікстанның Бадахшан облысында мыңдаған мұсылман исмаилит тұрады.
XS
SM
MD
LG