Accessibility links

Гаага соты: Ливия Каддафидің ұлын қайтарсын


Саиф әл-Исламды ливия көтерілісшілері Обари қаласында ұстап отыр. Ливия, 19 қараша 2011 жыл.

Саиф әл-Исламды ливия көтерілісшілері Обари қаласында ұстап отыр. Ливия, 19 қараша 2011 жыл.

Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот сәрсенбіде Ливияны елдің биліктен тайдырылған президент Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламды өздеріне беруге шақырды.

Бірақ Ливияның жаңа құрылған үкіметі Саиф әл-Исламды елде соттау керек деп, оны Гаага сотына беруден бас тартып отыр. Ливияның ішкі істер министрлігінің өкілі Насер әл-Манидің мәлімдеуінше, Саиф әл-Исламның соты таяуда басталады.

Ал Халықаралық сот бұл істі өзі жүргізуге хақы бар екенін айтады. Себебі Халықаралық сот 2011 жылы жазда Муаммар Каддафиді, Саиф әл-Ислам мен Ливия барлау қызметінің бұрынғы басшысы әл-Сануссиді тұтқындауға ордер берген.
XS
SM
MD
LG