Accessibility links

Грекия зейнеткері қаржы дағдарысынан атылып өлді


Афиныда сәрсенбі күні халық көп жүретін алаңда 77 жастағы зейнеткер өзін-өзі атып өлтірді. Ол өлерінде жазған хатында өзіне қол жұмсауына елдегі қаржы дағдарысы мәжбүрлегенін жазған.

Бұдан бірнеше сағат өткен соң парламент үйінің алдындағы Синтегма алаңына жүздеген адам жиналып, наразылық танытты. Жиналғандар "Грекия үкіметін бюджетті қысқартып, халықты тарықтырды" деп айыптады. Зейнеткердің өлімі грек қоғамына әсер етіп, елде саяси дискуссияға айналып кетті.

2011 жылы Грекияда өзін-өзі өлтіру деңгейі 40 пайызға көбейген. Сарапшылар "бұл құбылыс әлеуметтік салаларға қаржының аз бөлінуінен болып отыр" деп санайды.
XS
SM
MD
LG