Accessibility links

Медведев Мәскеу облысы губернаторлығына Шойгуды ұсынды


Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Сергей Шойгу.
Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Сергей Шойгу.
Ресей президенті Дмитрий Медведев ұзақ жыл бойына төтенше жағдайлар жөніндегі министр болып келе жатқан Сергей Шойгудың кандидатурасын Мәскеу облысының губернаторлығына ұсынды.

Енді Шойгу облысты 2000 жылдан бері басқарып келе жатқан губернатор, совет әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына басшылық жасаған генерал Борис Громовтың орнына келеді деген болжам бар. Громов өткен айда мамырда өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Бұған дейін Мәскеу облысында коррупция деңгейі әлі де жоғары деген ақпараттар тараған.

Шойгу 1994 жылдан бері төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікті басқарып келеді. Ол бұған қоса биліктегі "Единая Россия" партиясын құруға да қатысқан еді.

Бейсенбіде облыстық кеңес депутаттары Шойгудың кандидатурасына дауыс береді. Ал оппозиция губернаторларды тікелей сайлауға шақырып келеді.
XS
SM
MD
LG