Accessibility links

Испания Қазақстанның әуе кеңістігін пайдаланбақ


Парламент сенатының отырысы. Көрнекі сурет.

Парламент сенатының отырысы. Көрнекі сурет.

Қазақстан парламент сенаты әуе кеңістігін Испания корольдігінің Ауғанстанға әскерилер мен жүк тасымалдауға пайдалануына келісім берді деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

Бейсенбіде сенат ратификациялаған екі ел үкіметтері арасындағы келісім бойынша, Ауғанстандағы халықаралық коалиция құрамына кіретін Испания Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы әскері мен әскери жүктерін тасымалдай алады. Бұл үшін Мадрид тек Қазақстан жағын алдын-ала ескертуі қажет. Әуе кеңістігі Қазақстан заңдарына сай пайдалануға берілмек.

Құжат президент Назарбаевтың қол қоюына жіберілді.
XS
SM
MD
LG