Accessibility links

АҚШ Мьянмаға салған санкциясын жұмсартады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтонның Мьянмаға енгізген санкциясын жұмсартатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, визалық санкция жойылып, банк қызметі саласына енгізілген бірқатар шектеулер алынып тасталады. Санкция алынғаннан соң Мьянманың үкімет мүшелері АҚШ-қа еркін бара алады.

Еуроодақ басшылары да Мьянмаға салған шектеулерін алып тастайтынын мәлімдеді.

Сәрсенбіде Камбоджада өткен саммитте ASEAN (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы) ұйымының мүшелері Мьянмада оппозициялық партияның жеңіске жеткенін айтып, халықаралық қауымдастық енгізген санкцияларды алып тастауға шақырған.

Сарапшылар Мьянмада өткен парламент сайлауын "соңғы жылдардағы ең еркін сайлау" деп бағалады.
XS
SM
MD
LG