Accessibility links

Жаңаөзен сотында полиция оқ атқанын растады


Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот процесі. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот процесі. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Ақтауда Жаңаөзен оқөиғасы бойынша өтіп жатқан сотта полицей Жаңаөзенде 2011 жылы 16 желтоқсандағы тәртіпсіздік кезінде оқ атқанын растады деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері Төлеген Шегербаев сотта: "Оқыс оқиғадан шошып, соның әсерінен тапаншамды басып қалдым. Қолым дірілдеп кеткендіктен 4 патрон аттым" деген ол сотқа берген жауабында.

Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалар бойынша сотта қазір жәбір көрді деген полицейлерден жауап алынып жатыр. Судья Аралбай Нағашыбаев 15 полицейдің сотқа келмей, жазбаша жауап беретінін айтқан болатын. Бірақ қорғаушылар судьядан полицейлердің бәрі сотқа қатысып жауап беруін талап еткен.
XS
SM
MD
LG