Accessibility links

Түркия: Сириядан бір күнде мың босқын өтті


Дамаскінің түбіндегі Дума қаласында қақтығыс болды. Сирия, 5 сәуір 2012 жыл.
Дамаскінің түбіндегі Дума қаласында қақтығыс болды. Сирия, 5 сәуір 2012 жыл.
Түркия өткен түні елге Сириядан бір мың босқын өткенін хабарлады. Сирияда қақтығыстар басталғалы бері Түркияға өткен босқындар саны осымен 21 мың адамға жетті.

Бейсенбіде Лондондағы сириялық құқық қорғаушылар Дамаскінің түбіндегі Дума қаласында үкімет әскерлері мен көтерілісшілер арасында ұрыс болғанын хабарлады.

Дамаскіде бейсенбіде Сирия билігінің өкілдері БҰҰ мен Араб лигасының өкілі Кофи Аннанмен кездеседі. Кездесуде елге Аннан ұсынған жоспардың орындалуын бақылайтын халықаралық 250 бақылаушы кіргізу жайы талқыланбақ.

Сирия үкіметі бұған дейін Кофи Аннан ұсынған қақтығысты реттеу жобасын қолдап, 10 сәуірге дейін қалалардан әскер шығаруға уәде берген болатын.

Құқық қорғаушылар осыған қарамастан бұл аптада қақтығыстарда 170 адамның құрбан болғанын хабарлап отыр.
XS
SM
MD
LG