Accessibility links

АҚШ-та ресейлік қару-жарақ саудагері сотталды


Ресейлік қару-жарақ саудагері Виктор Бут. Бангкок, 5 қазан 2010 жыл.
Ресейлік қару-жарақ саудагері Виктор Бут. Бангкок, 5 қазан 2010 жыл.
Нью-Йорк соты Ресей кәсіпкері Виктор Бутты "АҚШ азаматын өлтіруге сөз байласты" деп айыптап, 25 жылға соттады.

Айыптауға Буттың колумбиялық көтерілісшілерге ірі көлемде қару-жарақ, оның ішінде "жер-әуе" санатына жататын зымырандар сатпақ болғаны себеп болды. Ол қару-жарақтар Колумбия билігіне көтерілісшілермен күресуге көмектесіп жатқан АҚШ тікұшақтарына қарсы пайдаланылуы мүмкін еді.

Виктор Бутқа "террористерге зымырандар сатуға, АҚШ әскерилерін өлтіруге, террористік ұйымға көмектесуге сөз байласты" деген айыптар тағылды.

Нью-Йорк соты оған 2011 жылы қарашада айып таққан болатын.
XS
SM
MD
LG