Accessibility links

Иранда құқық қорғаушы сотталды


Иранда танымал құқық қорғаушы әйел Мансури Бехкиш "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмек болды және мемлекеттік құрылысқа қарсы үгіт-насихат жүргізді" деген айыппен төрт жарым жылға сотталды.

Мансури Бехкиш - Иранда 2009 жылғы сайлаудан кейінгі қуғын-сүргіннен бері балалары сотталған, із-түссіз жоғалған, оқыс жағдайда қаза тапқан әйелдерді біріктіретін құқық қорғау ұйымын құрған.

2010 және 2011 жылдары да екі рет сотталған құқық қорғаушы соттың бұл шешіміне шағым түсіретінін айтады.

Парижде орналасқан құқық қорғау ұйымы Бехкиштің сотталуын айыптап, "Бұл сот құқық қорғаушыларға және Иранда адам құқықтары үшін күресіп жүргендерге сес көрсетуге бағытталған" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG