Accessibility links

Гаага соты: Ливия Каддафидің ұлын азаптады


Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам.

Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам.

Гаагадағы халықаралық соттың өкілі Хавьер Жан Кейта "Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламды түрмеде азаптады" деп мәлімдеді. Бұл туралы Гаага сотына Саиф әл-Исламның қорғаушысы хабарлаған.

Хавьер Жан Кейтаның айтуынша, қорғаушы Сафи әл-Исламды қалай азаптағаны туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеген. Белгілісі - Ливия үкіметінің Саиф әл-Исламды оқшаулап ұстап отырғанына 139 күн болды. Тиісті медициналық көмек те көрсетілмеген.

Халықаралық сот Ливияның жаңа үкіметінен Саиф әл-Исламды өзіне тапсыруды талап еткен. Бірақ билік оны өз елінде соттайтынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG