Accessibility links

Йеменде экс-президентке жақын шенеуніктер жұмыстан кетті


Йеменнің жаңа президенті Абд-Раббо Мансур Хади. Сана, 21 ақпан 2012 жыл.

Йеменнің жаңа президенті Абд-Раббо Мансур Хади. Сана, 21 ақпан 2012 жыл.

Йеменнің жаңа президенті Абд-Раббо Мансур Хади бұрынғы мемлекет басшысы Али Абдалла Салехқа жақын бірнеше лауазымды шенеуніктерді (араларында он шақты генерал бар) қызметтен босатуға бұйрық берді.

Әскери-әуе күштері қолбасшысы мен президент күзетінің бастығы да жұмыстан шыққан. Бұл міндеттерді атқарған адамдар экс-президенттің өгей ағасы мен оның туысы болатын.

Салех ел басқарған кезде оның көптеген жақындары мемлекеттік қызметке ие болды. Елдегі билікті ауыстырып, Хадиді президент етіп сайлағандағы басты шарттардың бірі - азаматтық және әскери шенеуніктерді ауыстыру болатын.

Йеменді 30 жылдан астам уақыт бойы басқарған Салех билікке қарсы халықтық шерулердің әсерінен лауазымынан бас тартты. Бірақ ол өзінің сотқа тартылмауына кепілдік берілген соң ғана оппозициямен келіссөз жасасты.
XS
SM
MD
LG