Accessibility links

Польша Смоленскідегі апатты тергеу мерзімін ұзартты


Польшаның бас әскери прокуратурасы президент ұшағының Смоленск түбінде апатқа ұшырау себебін тексеру шарасын қазан айына дейін ұзартқанын хабарлады.

Прокуратураның айтуынша, материалдардың көптігінен тергеуді президент Лех Качинскийдің ұшағы апатқа ұшырауының екі жылдығына - 10 сәуірге дейін аяқтау мүмкін емес.

Биыл наурыз айында Польшада құрылған комиссия "президент мінген Ту-154 ұшағының ол бағытпен ұшуға құқы болмаған" деген түйінге келді. Ұшақ Смоленскідегі «Северный» әуежайына қонып келе жатқанда апатқа ұшыраған еді. Борттағы 96 адам, арасында Польша президенті де бар, түгел мерт болған.
XS
SM
MD
LG