Accessibility links

Қытайда бүйрек сату оқиғасына орай 5 адам тұтқындалды


Apple белгісінің алдында iPad ұстап отырған адам. Қытай, Шанхай, 16 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Apple белгісінің алдында iPad ұстап отырған адам. Қытай, Шанхай, 16 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытайда iPhone және iPad алу үшін бүйрегін сатқан жасөспірімнің оқиғасына байланысты бес адам тұтқындалды.

Прокуратураның айтуынша, тұтқындалғандардың бірі - өткен жылы сәуір айында операция жасаған дәрігер-хирург. Дәрігер мен оның сыбайластары бүйректің ақысына 35 мың доллар алған.

Ал операциядан кейін денсаулығы нашарлап кеткен 17 жастағы бала 3 мың доллар алғанын айтады.

Тергеу дерегіне қарағанда, заңсыз әрекет жасаушылар бүйрегін сататын адамды интернет арқылы тапқан.
XS
SM
MD
LG