Accessibility links

Беларусь ЕО шешімін бағатынын айтты


"Еуропа Одағының (ЕО) Беларуське байланысты алдағы отырысының шешімі оң болса, Минск қайта байланыс орнатып, Еуропа Одағы елшілерін кері қайтаруға дайын" деп мәлімдеді Беларусь президенті әкімшілігінің басшысы Владимир Макей.

Оның айтуынша, Минск "тең дәрежелі және өзара сыйластықтағы диалог" болады деп Еуропа Одағына сенеді.

Соңғы айларда Еуропа Одағы мен Беларусьтің қарым-қатынасы қиындап кетті. Еуропа Одағы "оппозиция белсенділерін қуғындады" деген уәжбен Минскіге қарсы қосымша санкциялар қабылдады. Беларусь содан кейін Польша елшісі мен Еуропа Одағы өкілдерін елден шығарып жіберді.

Еуропа Одағындағы басқа елдердің өкілдері бұдан соң өз еріктерімен Минскіден кетіп қалды.
XS
SM
MD
LG