Accessibility links

Мали көтерілісшілері билікті беруге уәде етті


Бамакода төңкеріс жарияланғаннан соң қауіпсіздік күштері мен әскерилер телерадио станциясына жиналды. Мали, 22 наурыз 2012 жыл.
Бамакода төңкеріс жарияланғаннан соң қауіпсіздік күштері мен әскерилер телерадио станциясына жиналды. Мали, 22 наурыз 2012 жыл.
Малиде көтерілісшілер басшысы Амаду Саного билікті ұлттық ассамблея басшысы Дионкунде Траореге беруге уәде етті.

Жұма күні Батыс Африка елдері экономикалық ынтымақтастығы ұйымының (ECOWAS) өкілдерімен келіссөз жасасқан капитан Амаду Саного "конституциялық құрылымды қайта орнататынын" мәлімдеді.

Мали конституциясы бойынша, президент өз міндетін атқара алмаса, оны ұлттық ассамблея басшысы алмастырады. Мемлекеттің жаңа басшысы қашан ант қабылдайтыны белгісіз.

Наурыздың 22-сі күні капитан Саногоны жақтап шыққан әскерилер президент Амаду Тумани Турені биліктен тайдырған еді. Кейбір дерекке қарағанда, Туре ел астанасы Бамаконың маңында жасағымен бірге жасырынып жүруі мүмкін.

Малидегі төңкерістен кейін Батыс Африка елдері экономикалық ынтымақтастығы ұйымына енетін мемлекеттер бұл елге қарсы қатаң шаралар қабылдады.

Капитан Санагоның билікті азаматтық қоғам өкілдеріне беру жайлы шешімі Малидің солтүстігіндегі туарег тайпасының Азавад аймағын тәуелсіз деп жариялауымен тұспа-тұс келді.

Еуропа Одағы, Африка Одағы елдері мен Франция Азавадтың тәуелсіздігін мойындамайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG