Accessibility links

Пан Ги Мун Сириядағы зорлықты айыптады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Индонезия, 20 наурыз 2012 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Индонезия, 20 наурыз 2012 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун "елдің бірнеше аймағында оппозиция өкілдеріне қарсы операция ұйымдастырды" деген хабарға байланысты Сирия билігін айыптады.

Пан Ги Мунның айтуынша, "халықаралық қауымдастықпен келісілген, қалалардан әскер шығаратын күн - 10 сәуірдің әлі болмағаны зорлық жасауға сылтау емес".

Азаматтық белсенділердің хабарлауынша, сенбі күні оппозиция мен билік әскерінің қақтығысынан кем дегенде 24 адам қаза тапқан. Үкімет әскері Хама қаласының маңындағы Латамнеге шабуыл жасаған.

Жұма күні Сирияда билікке қарсы ондаған мың адам қатысқан шеру өтті. Ол күні 20 адам мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG