Accessibility links

Йеменде Салехтың жақтастары әуежайды атқылады


Али Абдалла Салех. Сана, 22 қаңтар 2012 жыл.
Али Абдалла Салех. Сана, 22 қаңтар 2012 жыл.
Йеменнің астанасы Сана қаласында бұрынғы президент Али Абдалла Салехтың қарулы жақтастары халықаралық әуежайға шабуыл жасады. Ел билігі аэропортты жауып, рейстерді өзгертуге мәжбүр болды.

Шабуыл Йеменнің жаңа президенті Абд Раббо Мансур Хадидің бұрынғы мемлекет басшысына іш тартатын жоғары лауазымды шенеуніктерді (араларында он шақты генерал бар) қызметтен босатқан бұйрығынан кейін болды.

Йеменді 30 жылдан астам уақыт бойы басқарған Салех билікке қарсы өткен халықтық шерулердің әсерінен лауазымынан бас тартқан еді. Бірақ ол өзінің сотқа тартылмауына кепілдік берілген соң ғана оппозициямен келіссөз жасасқан.

Кейбір сарапшылардың айтуынша, Салех әлі де жоғары лауазымды шенеуніктерге ықпал ете алады.
XS
SM
MD
LG