Accessibility links

Бердімұхамедов автожарыста жеңіп шықты


Түркіменстанда өтіп жатқан Денсаулық апталығы. 7 сәуір 2012 жыл
Түркіменстанда өтіп жатқан Денсаулық апталығы. 7 сәуір 2012 жыл
Түркіменстанда 7 сәуір аталып өткен Денсаулық күніне арналған іс-шаралар аясында түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елдің алғашқы автожарысына қатысты. Жиналған жұртқа сөйлеп тұрып ол ұйымдастырушыдан "Қатыссам бола ма?" деп сұрады.

"Рұқсат берілісімен" Бердімұхамедов Түркияда жасалған Volkicar спорт машинасына мінді де, автожарысқа қатысушылармен қатарласа тұра қалды. Жарыстың соңында түркімен президенті бәрінен озып шықты.

Автожарыс ұйымдастырушылары бұл жеңістің құрметіне Түркіменстан президенті мінген Volkicar көлігін елдің ұлттық спорт мұражайына табыс етті деп хабарланды.

Бердімұхамедовтың өзі автожарысқа Bugatti Veyron машинасын мініп келген. Бұл көлік жай жолмен жүруге рұқсат етілген ең жүйрік машина болып саналады. Жылдамдығы - сағатына 400 шақырым, бағасы - 2 миллион АҚШ доллары шамасында.
XS
SM
MD
LG