Accessibility links

Газадан Оңтүстік Израильге екі зымыран атылды


Рамалла қаласындағы қақтығыстан көрініс. 30 наурыз 2012 жыл. Көрнекі сурет
Рамалла қаласындағы қақтығыстан көрініс. 30 наурыз 2012 жыл. Көрнекі сурет
8 сәуір күні Оңтүстік Израильге Газа аймағынан екі зымыран атылған. Шабуыл кезінде ешкім зардап шекпеген. Бұл әрекет 7 сәуір күні Израильдің алыстан басқарылатын ұшу аппараты Газадағы екі палестиналықты жаралаған оқиғадан соң іле-шала жасалып отыр. Израильдің әскерилері ол адамдар зымыран атпақшы болып оқталған деп мәлімдеді.

Израиль Газада орналасқан "Халық қарсылығы комитеттерінің" басшысы Зухейр әл-Кейсиді атып өлтіргесін өткен айда екі жақ бір-бірін бірнеше мәрте зымыранмен атқылады. Палестиналықтар қолдан жасалған зымырандар ату арқылы Израильдің алыстан басқарылатын ұшу аппараттарымен Газадағы қарулы топтарға жасайтын шабуылдарына жиі жауап қайтарады.
XS
SM
MD
LG