Accessibility links

Ауғанстан АҚШ әскерінің "түнгі рейдтерін" өзі жасамақ


Ауғанстанның қорғаныс министрі генерал Абдул Рахим Вардак пен АҚШ күштерінің командирі генерал Джон Ален. Кабул, 8 сәуір 2012 жыл.

Ауғанстанның қорғаныс министрі генерал Абдул Рахим Вардак пен АҚШ күштерінің командирі генерал Джон Ален. Кабул, 8 сәуір 2012 жыл.

Ауғанстан үкіметі 8 сәуір күні америкалық әскердің түнде жасайтын тексеру операцияларын бұдан былай өзі жүргізетіні туралы АҚШ-пен келісімге келдік деп мәлімдеді.

Ауған сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, елдің қорғаныс министрі генерал Абдул Рахим Вардак пен АҚШ күштерінің командирі генерал Джон Ален жексенбі күні кешке қарай арнайы операция жасаудағы түсністік туралы меморандумға қол қойды.

Түнгі рейдтер АҚШ пен Ауғанстанның арасындағы қарама-қайшылыққа толы, күрделі мәселелердің бірі болып саналады. Түнгі тексеру операциялары туралы келісім - Кабул мен Вашингтон жүзеге асырып жатқан ұзақ мерзімді стратегиялық жоспардың бір бөлігі. Бұл жоспар 2014 жылы шетелдік әскердің көпшілігі Ауғанстаннан шыққан соң америкалық әскердің жүріп-тұруын анықтайды.
XS
SM
MD
LG