Accessibility links

Сирия оппозициясы: "Жазбаша кепілдік" бермейміз


Дума қаласында атыс жүріп жатыр. Сәуір, 2012 жыл
Дума қаласында атыс жүріп жатыр. Сәуір, 2012 жыл
Сириялық оппозиция өкілдері Дамаскіге үкімет әскері қалалардан шығарылғасын күресті тоқтату туралы жазбаша кепілдік бермейтінін мәлімдеді.

БҰҰ мен Араб лигасының арнайы уәкілі Кофи Аннан қатысқан келіссөздер бойынша сәуірдің 10-ына дейін үкімет әскері мен танкілер түгел шығарылуы керек.

Сирияның бостандық армиясының қолбасшысы полковник Рияд әл-Асад ешқандай жазбаша кепілдік бермейтінін, өйткені Сирия президенті Башар Асадтың билігін мойындамайтынын хабарлады. Оның сөзінше, егер билік міндеттемелерін орындаса, көтерілісшілер оқ атуды тоқтатуға дайын.

Бұдан бұрын Дамаск оппозициядан "жазбаша кепілдік" талап еткен еді.

8 сәуір күні Кофи Аннан Сирияда қайта қан төгіле бастауын "ақылға келмейтін жағдай" деп сипаттады. Оның сөзінше, билік бірқатар қалаларда оппозицияны қайтадан күшпен жаныштау арқылы уәдесін бұзды.

Сириядан жеткен ақпарат бойынша Хомс пен Идлиб провинцияларында және Хама қаласының түбінде әлі ұрыс жүріп жатыр. Жергілікті белсенділердің айтуынша, соңғы тәулік ішінде 150 адам өлген.
XS
SM
MD
LG