Accessibility links

Үздік үш комментарий


Ноутбуктен ақпарат алып отырған адам. Көрнекі сурет
Ноутбуктен ақпарат алып отырған адам. Көрнекі сурет

Аzattyq.org оқырмандары соңғы аптада сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Ашық деген соттарың осы болса, шындығы ешқашан айтылмасы анық. Болмаса шындық айтылып, полицейлерге жала жабылып, үкімет соларды қаралап соттап жібере салады. Осымен сот бітеді, ал жоғары жақта отырып бұйрық бергендер құтылады.

Аты-жөні көрсетілмеген

(«Сотта прокурор ашуланды, полицей қорыққанын айтты» атты мақалаға жазылған пікір)

ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қазаққа табандылық жетіспейді, орыс ренжіп қала ма деп сиырқұйымшақтандырып отыр, әйтпегенде бір анық нұсқаны қой да жаппай ауыстыр. Бауыржан Момышұлы қалай қысым көрсе де өз ата тегінде қалды ғой нағыз қызыл империяның ішінде жүріп. Қысқасы, қазаққа өз басымен өмір сүру керек қой.

Марат, Шығыс

(«Ата текті айқындайтын жалғаудың дауы» атты мақалаға жазылған пікір)

ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Біз бала күнімізде 1980-ші жылдары класта саяси сектор деген болатын. Соған жауапты бір оқушы апта сайын АҚШ-ты өлтіре жамандаған газеттегі бір мақаланы қиып әкеп, бүкіл кластың алдында дауыстап оқып беретін. Сосын ұстаз тұрып, "көрдіңдер ме балалар, АҚШ не істеп жатыр. Шетелде тумаған сендер бақыттысыңдар. Ол жақта мұндай жұмақ жоқ" тағы жарты сағат миды шаятын. Сол менің және замандастарымның санасына мықтап сіңген. Күні бүгінге дейін "АҚШ, шетел, Еуропа" деген сөздер естілсе санамда дереу 80-ші жылдары қалыптасқан жағымсыз сезім күш ала бастайды. "Олар СССР-ді құлатты енді Қазақстанды қиратпақшы" деген түсініксіз таным еріксіз санама таңылып тұрады...

Аты-жөні көрсетілмеген

(«Жаңаөзен сотына келмек болған Еуропарламент депутатына виза берілмеді» атты мақалаға жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG