Accessibility links

Египетте газ құбыры жарылды


Солтүстік Синай аймағындағы әл-Ариш қаласына жақын газ құбырында болған жарылыс. Египет, 28 қараша 2011 жыл.

Солтүстік Синай аймағындағы әл-Ариш қаласына жақын газ құбырында болған жарылыс. Египет, 28 қараша 2011 жыл.

Египетте Израиль мен Иорданияға газ тасымалдайтын халықаралық құбырда күшті жарылыс болды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Жарылыс Жерорта теңізінің жағасындағы әл-Ариш қаласына жақын, солтүстік Синай аймағында болған. Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Құбыр 5 ақпанда болған жарылыстан бері газ тасымалдауды тоқтатқан болатын.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк биліктен кеткелі бері құбырда осымен 14 рет жарылыс болып отыр.
XS
SM
MD
LG