Accessibility links

Терроризмге қарсы тұңғыш ролик түсірілді


Тараздағы терактіде қаза тапқан адамның мәйіті. Полицейлер мәйітті матамен жауып қойған. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.

Тараздағы терактіде қаза тапқан адамның мәйіті. Полицейлер мәйітті матамен жауып қойған. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.

Қазақстанда телеарналар арқылы берілетін "BAUR Kazakhstan" компаниясы түсірген терроризмге қарсы тұңғыш әлеуметтік ролик шықты.

Компания таратқан хабарламада роликтің терроризмге қарсы кең көлемде дайындалып жатқан шаралар аясында түсірілгені айтылады.

"Ролик 2011 жылы Таразда болған терактіні бейнелейді. Терроризммен тек күштік құрылымдар ғана күресіп қоймау керек. Бизнес өкілдері өздері үшін ең өзекті мәселе - қоғамның тұрақтылығына инвестиция салу керек екенін ұқты" дейді компания. Ролик "Қазақстан" телеарнасынан көрсетілді.

Таразда 2011 жылы 12 қарашада Мақсат Қариев есімді адам бейбіт тұрғындар мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, артынан өзін-өзі жарып жіберген. Терактіден барлығы жеті адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG