Accessibility links

Египеттің бас барлаушысы президенттікке түспек


Египеттің вице-президенті Омар Сүлеймен.

Египеттің вице-президенті Омар Сүлеймен.

Египеттің барлау қызметінің бұрынғы басшысы, президенттік сайлауға қатысуға ниеттеніп отырған 74 жастағы Омар Сүлеймен елдегі әскерилердің өзін қолдамайтынын мәлімдеді.

Омар Сүлеймен екі күнде сайлауға түсуге қажетті қолды екі есе асырып жинағанын айтып, президенттікке кандидатурасын ұсынған. Египетте президенттікке түсетін кандидатқа кемінде 30 мың адам қолдау білдіруі керек.

Сарапшылар Омар Сүлейменнің әскери саладан шыққанына қарап оны өткен жылы Хосни Мүбәрәкты биліктен кетірген әскерилер қолдап отыр деген болатын. Бірақ дүйсенбіде мемлекеттік "әл-Ахбар" басылымына берген сұхбатында Омар Сүлеймен мұны жоққа шығарды.

Омар Сүлеймен Хосни Мүбәрәк биліктен кетпей тұрып вице-президент қызметін атқарып келеді.
XS
SM
MD
LG