Accessibility links

Поляктар Ресей елшілігі алдында наразылық танытты


Смоленск әуежайына таяу жерде апатқа ұшыраған Польша үкіметінің ұшағы. Ресей, 10 сәуір 2010 жыл.
Смоленск әуежайына таяу жерде апатқа ұшыраған Польша үкіметінің ұшағы. Ресей, 10 сәуір 2010 жыл.
Дүйсенбіде Варшавада (Польша) Ресей консулдығының алдында поляктар наразылық шарасын өткізді. Жиналғандар 2010 жылы Польша президенті Лех Качинский мен бірқатар шенеунік қаза тапқан ұшақ апатын "қастандық" деп атады.

Наразылық танытушылар Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің тұлыбын өртеді. Варшавадағы наразылық 10 сәуірде ұшақ апатқа ұшыраған күнге орай өткізіліп отыр.

Наразылық танытушылар ұшақ апаты ресейлік авиация саласының өкілдері мен Польша үкіметінен құрылған комиссия ұйғарғандай кездейсоқ болғанына сенбейтіндерін айтады.

Жиналғандардың көпшілігі - апатта қаза тапқан президент Лех Качинскийдің ағасы Ярослав Качинскийдің жақтастары. Оның пікірінше, апат президент Лех Качинскийге қастандық жасау үшін ұйымдастырылған.

2010 жылы 10 сәуірде Ресейдің Смоленскі қаласының түбінде Польша президенті мен бірқатар жоғары шенді адамдар мінген ұшақ апатқа ұшыраған. Апаттан президент пен бірқатар үкімет мүшелері, арасында әскерилер де бар - 95 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG