Accessibility links

Грузия Сталиннің мұражайын өзгертеді


Гори қаласындағы Иосиф Сталиннің мұражайы. Грузия. Көрнекі сурет.
Гори қаласындағы Иосиф Сталиннің мұражайы. Грузия. Көрнекі сурет.
Грузия Совет одағының диктаторы Иосиф Сталиннің мұражайын билікте отырғанда жасаған қуғын-сүргін мен қатыгездігін бейнелейтіндей етіп қайта жабдықтамақ.

Бұл жайында хабарлаған Грузияның мәдениет министрі Ника Руруаның айтуынша, 1991 жылы тәуелсіздік алған Грузия "Совет диктаторын мадақтайтын" мұражайды бұдан ары ұстап тұра алмайды.

Мұражай Сталиннің туған жері - Грузияның орталығындағы Гори қаласында орналасқан. Мұражай 1937 жылы миллиондаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, жаппай атылып жатқан кезде ашылған болатын.
XS
SM
MD
LG