Accessibility links

Вашингтон мен Сеул: Пхеньянның арандатпақ ойы бар


АҚШ-тың қорғаныс министрі Леон Панетта.

АҚШ-тың қорғаныс министрі Леон Панетта.

АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның зымыран ұшыру жоспарын "Пхеньянның халықарлық міндеттемелерін бұзуы және арандату" деп бағалайтындарын мәлімдеді.

Бұл жайында екі елдің қорғаныс министрлері Леон Панетта мен Гван Чжин телефон арқылы сөйлесіп, Пхеньянның зымыран ұшыру жоспарына қатысты іс-қимылдарын үйлестіру жайында келісім жасасты.

Солтүстік Корея үкіметі бұған дейін жер орбитасына ауа-райына бақылау жасайтын спутник ұшыратынын мәлім еткен. Спутник Солтүстік Кореяның негізін салған Ким Ир Сеннің туғанына 100 жыл толған күніне орайластырылып, 12-16 сәуір аралығында ұшырылмақ. Оны алып ұшатын зымыран дайын деген дерек бар.

Соған қарамастан, Сеул мен Вашингтон "Пхеньян шын мәнінде ядролық қару алып ұша алатын баллистикалық зымыранды сынақтан өткізеді" деп санайды. Сеул бұған қоса "Солтүстік Корея кезекті рет ядролық сынақ жасайды" деген де қауіп айтады.
XS
SM
MD
LG