Accessibility links

ҚазАқпарат журналистері министрге шағымданды


Мемлекеттік ҚазАқпарат агенттігінің журналистері мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайға жалақыларының тағы да кешігіп жатқанын айтып, шағымданды.

Дархан Мыңбайдың блогына жазған хатта журналистер ақпан айынан бері жалақыларын ала алмай жүргендерін, ал агенттік басшыларының айлықтың қашан берілетіні жайлы нақты ештеңе айтпайтынын келтіреді.

Министр хатқа жауап беріп, журналистерге жалақыларының ұйымдастыру жұмыстарына байланысты кешіктіріліп жатқанын, таяуда берілетінін айтады.

ҚазАқпарат агенттігінде жалақы жылына кемінде екі рет ұзақ уақыт кешігіп беріледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG