Accessibility links

Астраханьда оппозиция митинг өткізді


"Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов.
"Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов.
Астраханьда сейсенбіде шамамен мың жарым адам осында аштық жариялағандарды қолдап, митинг өткізді. Митингіге шыққандар қала мэрін сайлауды алып тастауды талап етті.

Митингіге қатысу үшін Астраханьға оппозицияшыл блогер Алексей Навальный мен дәрігер Елизавета Глинка да келді. Олар аштық жариялап, ауыр жағдайда жатқандарды аштықтан бас тартуға шақырған.

Бұған балама ретінде қалада кәсіподақ пен қоғамдық ұйымдар "түрлі-түсті революцияларға қарсы" митинг өткізді.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, екі жақ арасында төбелес болған. Полиция оларды бір-бірінен бөліп тұратын шеңбер құрған.

Мәскеуде "Свободная пресса" басылымында алты адам аштық жариялап жатқан астрахандық оппозиция өкілдеріни тілектестік білдіріп, үш аптадан бері аштық жариялап жатыр.

"Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцовтың айтуынша, оппозиция өкілдері сейсенбіде Астрахань облысының Мәскеудегі өкілдігі алдында пикет өткізбек. Астраханьдағы аштық жариялаушыларды қолдаған пикеттер бүгін Уфа қаласында да өтеді.
XS
SM
MD
LG