Accessibility links

Комитет: Жаңаөзен сотында заң бұзушылық көп


Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
"Жаңаөзен-2011" комитетінің мүшелері сейсенбіде Алматыда баспасөз жиынын өткізіп, "Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот процесінде заң бұзушылық көп болып жатыр" деп мәлімдеді.

Комитет сот залында аудио және видеоға түсіруге тыйым салынғанын, судьяның "полицияның оқ атуы туралы сұрақтарды қойдырмағанын" айтады. Комитет мүшелері оқ тиіп жараланған айыпталушылардың әлі сот залында отырғанына да алаңдайтындарын айтты.

"Сот барысында 14 желтоқсанда Жаңаөзенге арнаулы құралдармен жабдықталған ондаған полицейдің жеткізілгені анықталғандай болды. Мұнайшылардың өздері оқиғадан екі күн бұрын әкімдік пен полицейлерді 16 желтоқсанда арандату әрекеттері болып қалуы мүмкін деп ескерткен сияқты" дейді комитет таратқан хабарламада.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот процесі 27 наурызда Ақтау қаласында басталған.
XS
SM
MD
LG