Accessibility links

Ресей мен Сирия сыртқы істер министрлері кездесті


Сирия мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Валид Муаллем (сол жақта) мен Сергей Лавров (оң жақта). Мәскеу, 10 сәуір 2012 жыл.
Сирия мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Валид Муаллем (сол жақта) мен Сергей Лавров (оң жақта). Мәскеу, 10 сәуір 2012 жыл.
Сейсенбіде Мәскеуде Ресей мен Сирияның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Валид Муаллем кездесті.

Кездесуден соң Сергей Лавров "БҰҰ-ның өкілі Кофи Аннанның қақтығысты реттеу туралы жоспарын Сирия қақтығысына қатысушылар "түрліше" түсінбеу керек" деді. Лавров Аннанның жоспарын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мақұлдағанын, сондықтан оны бір тараптың орындамауы "екінші жақ жоспарды орындаудан бас тартты" деген пікірге себеп болмау керегін айтты.

Президент Башар әл-Асад наурыздың соңында БҰҰ мен Араб лигасының қақтығысты реттеу туралы жобасын қолдап, 10 сәуірге дейін қалалардан әскерді шығаруға келісім берген. Ал 10 сәуірден кейін көтерілісшілер мен билік арасында келіссөздер басталуы тиіс болатын.

Батыс елдері соңғы күндері Сирияның қалалардан әскерді шығаруға берген уәдесін орындауға құлық танытпай, көтерілісшілерге шабуыл жасап жатқанына алаңдаған еді. Ал Сирия оппозициясы "Үкімет әскерінің шабуылы көтерілісшілерді "тиісті деңгейде" қорғануға мәжбүрледі" дегенді айтады.

Сирия құқық қорғаушыларының дерегі бойынша, соңғы күндері үкімет әскерінің шабуылдарынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG