Accessibility links

Қызыл крест Түркіменстан түрмесін тексерді


Түркіменстан үкіметі халықаралық Қызыл крест комитетінің делегациясына елдегі жасөспірімдерге арналған түрмеге баруға рұқсат етті. Комитеттің Ташкенттегі бюросының өкілі Айгүл Халейленің айтуынша, делегация өткен аптада түрмедегі тұтқындардың жағдайын тексеріп қайтқан.

Қызыл крест комитеті өткен жылы да Түркіменстанның түрме ауруханасына барған болатын. Бірақ ол кезде де, осы жылы да тұтқындармен тікелей сөйлесуге рұқсат берілмеген.

Халықаралық ұйымдар Түркіменстанды "түрмелерінде адам тым көп, колонияларына тәуелсіз бақылаушыларды жібермейді және тұтқындарды азаптайды" деп талай рет сынаған.

Бірақ Түркіменстан билігі жиі рақымшылық жариялап тұрады. Бұған қоса, таяуда ғана елде ең ұзақ уақытқа соттау мерзімі 25 жылдан 15 жылға дейін қысқарды.
XS
SM
MD
LG