Accessibility links

Иран демонстрант студенттерді оқудан шығармақ


Иранның білім және ғылым министрі Камран Данешжоу.
Иранның білім және ғылым министрі Камран Данешжоу.
Иран 2009 жылы президент Махмұд Ахмединежадтың қайта сайлануына қарсы демонстрацияларға шыққан студенттерді оқудан шығарады.

Мемлекеттік IRNA агенттігінің хабарлауынша, Иранның білім және ғылым министрі Камран Данешжоу "Егер Тегеран осындай шаралар жасамаса, үкімет билікке қарсы демонстранттарды университеттердің қалай қабылдайтынын түсіндіре алмаған болар еді" деген.

Соңғы жылдары Иран университеттерінің билікті сынайтын реформашыл оқытушылары мен студенттеріне қысым жасау күшейді. Либералды көңіл-күйдегі профессорлардың көпшілігі жұмыстан кетуге мәжбүр болса, ондаған белсенді студентке сабаққа қатысуға тыйым салынып, түрмеге жабылды.
XS
SM
MD
LG