Accessibility links

Жапония ұйғыр құрылтайына қатысушыларға виза береді


Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің жетекшісі Рәбия Қадыр.-
Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің жетекшісі Рәбия Қадыр.-
Жапония Қытайдың қарсылығын елеместен, келесі айда өтетін бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің құрылтайына қатысушыларға виза беретін болды. Бұл туралы Voice of America радиосының Қытай қызметіне Жапония сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Пекин Токиодан құрылтайды өткізбеуді талап еткен. Қытай "Ұйғыр белсенділері жиында Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығына қарсы әрекет жасайды" деген уәж айтқан.

Жапониядағы ұйғыр ассоциациясының хабарлауынша, құрылтайға қуғында жүрген 100-ге тарта ұйғыр ұлты өкілдері қатысады деген болжам бар. Олардың арасында бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің басшысы, АҚШ-та тұрып жатқан Рәбия Қадыр да бар. Конгрестің ресми өкілі Ділшат Рашидтің айтуынша, Токио ұйғыр мәселесіне әрқашан оң қарап келгендіктен құрылтай Жапонияда өтеді.
XS
SM
MD
LG