Accessibility links

Әскери жағдайға қатысты жұмысшы тобы құрылды


Қазақстанның бас әскери прокуратурасының жанынан әскери жағдай орнаған кезде прокурорлық бақылау орнату мәселелерімен айналысатын жұмысшы тобы құрылды. Бұл туралы сәрсенбіде әскери прокуратураның ресми веб-сайтында хабарланды.

"Заң бойынша, әскери жағдай кезінде әскери басшылықтың құзыреті елеулі түрде күшейеді. Әскери басшылыққа мемлекеттік билік пен барлық басқару органдарының функциясы, қорғаныс саласы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті өтеді. Әскери жағдай орнап, мемлекет мүддесін сыртқы шабуылдан қорғау қажеттігі туындағанда заңдылық пен тәртіп орнату, адам құқықтарын сақтау мәселесі туындайды" дейді әскери прокуратура.

Жұмысшы тобы қазір прокурорлық бақылау жасаудағы халықаралық тәжірибені зерттеп жатыр. "Прокурорлық бақылау жасауға қатысты барлық жұмыстар мамыр айында аяқталуы тиіс" дейді әскери прокуратура.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG